Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - Ата қазақтың ақ ордасы

Ата қазақтың ақ ордасы

Жұма, 12 тамыз 2005Өткен жылы елімізде мұнай кәсіпшілігімен айналысатын “Теңізшевройл” компаниясы ЖШС (директоры А.Кор­нелиус) “Қазақтың киіз үйі” атты тамаша, түрлі-түсті, көр­кем­суретті, қымбат қағазға басылған кітап-альбомды шығаруға демеушілік жасады. 

Бұл – қазақ халқының мәдени мұрасын түгендеуге аталмыш кәсіпорынның қосқан сүбелі үлесі болды. Әрине, киіз үй туралы бұрын да Ә.Марғұлан, Х.Арғын­баев, М.Мұқанов сияқты ғұлама ғалымдар зерттеу еңбектерін жазған еді. Ал жаңа кітапта авторлар сол еңбектердің бәрін қорытып, киіз үйдің тарихы, құрылысы, тігуі, үлгілері, оның жасауларына байланысты ондаған тараулармен қазіргі оқырманға ата қазақтың ақ ордасы туралы толық мағлұмат беріпті. Бабаларымыздың тұрмыстық жағдайына, табиғатқа қолайлылығына байланысты киіз үйдің 3 қанатты “қара үй”, 4 қанатты “қоңыр үй”, 5 қанатты “боз үй”, 6 қанатты “ақ үй” тіккендерін, ал арылмайтын қонақтарына арнап 8, 12, 18 қанатты ғаламат үйлер де тіккенін және олардың атауларын — бәр-бәрін оқырман осы кітаптан біле алады. Басылымды дайындаған ғалымдар: Нұрила Шаханова, Серік Әжіғалиев, Райхан Ерғалиева, Алмас Ордабаев. Суреттер марқұм Ораз Мұхамеджановтың және басқа көптеген этнограф ғалымдардың мұрағат­тарынан алынған. Жобаның авторы әрі директоры Эльдар Агамалов.