2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Қазақ жеріне жалпы саны 1,5 миллиондайнеміс, корей, чешен, ингуш, балқар, күрді, месхеттік түрік, болгар, грек, қырым татарлары, қалмақ және басқа да халықтар өкілдері күштеп көшіріп әкелінді. Осынау қасіреттермен астастыра жүргізілген индустрияландыру, тың көтеру науқандарында қазақ жеріне Кеңес Одағының орталық аудандарынан миллиондаған қоныс аударушыларкелді. Мұның бәрі жергілікті халықтың ұлттық мүдделері шектелуіне жанама түрде болса да әсер етті.
Бүгінгі ұрпақ бұларды білуге тиіс, қазіргі таңда өткенімізде күңгірттік қалмағанда ғана халқымыздың бірлігін бекем ете түсіп, мейлінше арттырып, болашаққа сеніммен бара алатын боламыз.Сондықтан да аталмыш конференцияға қатысушылар жұртшылықты еліміздің даму тарихындағы қайғылы белестерді ұмыт қалдырмауға, оларды барша азаматты, жас ұрпақты тарихпен тәрбиелеу ісінде тиімді пайдалана білуге шақырады.
Бұл орайдақуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары жерленген орындарды анықтап, бастарына естелік белгілер қою ісін жалғастыра беру, жергілікті өлкетану мұражайларында тиісті көрнекі экспозициялар, бөлімдер ашу, барлық ұйымдарда, оқу орындарында еске алу шараларын жаппай ұйымдастыруды дәстүрге айналдыру ләзім. Жер-жердегі өлкетанушылар, зерттеушілер, шежірешілер аштан шейіт болғандарды отбасылық ата-бабашежірелерін түгендеу арқылы анықтай алар еді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні және оның қарсаңындағы жұма сайын барлық ұйымдарда, мекемелерде, оқу орындарында ашаршылық құрбандарын еске алып, мешіттерде, шіркеулерде, өзге де ғибадатханаларда оларға арнап арнайы дұға оқуды ұйымдастырған жөн.
Үндеуде былай делінген: билік Жаңалықтағы ескерткіш айналасындағы аумақты мемлекеттің өз халқына жасаған қиянаттарын, қызыл терроры мен жасанды ашаршылық зұлматыненді ешқашан қайталанбастай етіп мәңгі еске салып тұратын белгілер қойылатын орманды алқапқа айналдыруға, ішіне құрбандар есімдері қашалған тас тақта-стеллалар орнатуға мұрындық болар деп сенеміз.
Дирек көзі: “Егемен-ақпарат”