Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - Жүз жылғысын бұрын ойлаған ұрпағын тәрбиелейді

Жүз жылғысын бұрын ойлаған ұрпағын тәрбиелейді

Сейсенбі, 18 сәуір 2006Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың Қазақ­стан халқына Жолдауы, сөз жоқ, біздің қоғам үшін тарихи маңызға ие. 

Баба­ларымыз ға­сыр­лар бойы арман ет­кен бір аманат – тәуелсіз ел болу еді, біз ол арманымызға жеттік. Ен­дігі мақсат – Отанымыздың гүл­­деніп, өсуі. Мен де барша қа­зақ­стандықтар секілді тұң­ғыш Пре­зидетіміздің алға қой­ып отырған көп мақса­тының бәрі де халықтың игілігіне ба­ғытталған және айқын жолды көрсетіп отыр деп санай­мын.Жалпы өркениетті елдердің қа­тарына қосылу бір күннің еншісін­дегі шаруа емес және оған мемле­кет­тілік қабілет пен ұлттық тірек ке­рек. Дәл осы тұрғыда Қазақстан­ның он бес жылда қол жеткен жетіс­тіктері серпінді дамуымызға негіз бо­лып отыр. Мұны әрбір адам өз өмірінен сезініп қоймай, мақ­тан ететін дәрежеге көтерілгені­міз рас. Оның үстіне біздің тарихымызда өркениет көшінің алдыңғы легіне шығу бұрын-соңды болған емес. Ойшыл ба­ба­ларымыз бен батыр аталары­мыз артына мұра етіп қал­дырған кең-байтақ жердің бай­лы­­ғын игеріп, оны халықтың игілігіне жұмсау қажеттігін сез­ді­ретін әрбір істі жүрегімізбен қабылдасақ артық болмас еді.Елбасы өзінің стратегиялық мақсат-мұратында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлар­дың біліктілігі мен оларды қайта даяр­лау­ды ұдайы арттыру және Қазақ­стан халқы мәде­ние­тінің одан әрі өркендеуін төртінші басымдық тұр­ғысында баяндап беріп отыр. Бізге эко­но­микалық және қоғамдық жа­ңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екені даусыз. Алға қарай қадам басудың бүкіл жүйелі тетігі білім беру ісімен сабақтастық тап­қаны белгілі. Білім беру реформасы бізде жасалды және ол күннен-күнге жаңартылып та келеді. Соған сәйкес, әсіресе, біз жастарды өмір­дің сұранысына сәйкес мамандық­тар бойынша даяр­лау­ды бірінші кезекке қоюға тиіспіз. Адамдардың бәрі жоға­ры білім алуға міндетті деген сөз қарым-қабілетке байла­ныс­ты да айтылатынын жоққа шы­ғаруға болмайды. Ауылдағы тұр­­мыста, шағын кәсіпкер­ліктің сан түрлі саласында орта кәсіби білімі бар мамандықтар­ға әлі де зәруміз. Мұның ор­нын меніңше, жергілікті жерде ашылып жатқан жаңа, осы заманғы материалдық-техника­лық базасы бар колледждер бір­ша­ма тол­тыра алады. Бұл кешегі кәсіп­тік-техникалық білім беру бойынша атқарылып жатқан сан-сала шаруа­ның бір қыры. Мәселен, біздің кол­ледж­дің ашылғанына екі-үш жыл ғана болады. Соған қарамас­тан біз педагогика, экономика және құқық­тану мамандықтары бойынша жас мамандардың буынын даярлау­ға бағыт алдық. Қазір күндізгі оқу бөлімінде 300-ден астам студент, сырттай оқу бөлімінде 800-ден ас­там студент білім алуда. Оларға 48 оқытушы дәріс береді. Білім оша­ғында бір ғылым докторы және 9 ғылым кандидаты бар. Халқы ты­ғыз орналасқан Сарыағаш өңірінде мұндай оқу орнының қажеттілігі күн өткен сайын анық сезілуде. Профес­сор Ә.Досахметовтің бас­шы­лығымен колледждің бірқатар ғалымдары мен ізденушілерінің экологиялық мәселені арқау еткен ғылыми еңбегі Білім жә­не ғылым министрлігі жанын­дағы биоло­гиялық зерттеу ор­та­­лығында өткен республика­лық ғылыми жобалар байқа­уында грантты жеңіп алды.Егер біз жергілікті жерде ауыл шаруашылығына, білім мен мәде­ниет саласына қажетті кадрларды даярлауды биік талғам­мен, ортақ стандарттарға лайықты жүйелі түр­де жолға қоятын болсақ, ең әуелі кадр­лар даярлаудың жолын ашамыз және одан әрі ұлттық мәдение­тіміздің мәйегін сақтап, дамы­туға үлес қосатын ауыл зиялы­ларының ортасы қалыптасады. Нұрсұлтан Назарбаев осы за­ман­ғы әлеуметтік саясат тұрғы­сында көптеген бағалы және құнды ұсыныстарды алға тар­тып отыр. Солардың арасында кәсіби-техникалық және жоға­ры білім беру мекемелері жүйе­сі арқы­лы білікті ұлттық кадр­ларды жұ­мысшы мамандық­тары бойынша оқыту және кә­сіби жағынан даяр­лау жөніндегі бағдарлама әзірлеуге ұсыныс жасалғанын біз толық қолдай­мыз. Елбасы бұл бағдарла­мада кәсіби-техникалық білім беру жүйесіне қатысу үшін ынталан­дыру және оның тетіктерін жасау арқы­лы Қазақстанда жұ­мыс істейтін ұлттық компания-лар мен жеке биз­нестің әлеуеті іске қосылуы қажет, деп атап көрсетті.  Осы заманның тамы­рын тап басып, көкейкесті мәсе­ле­лерін қамтып отырған бұл талаптарды өміршең талап­тар деп санаймыз.Ұлы ойшыл Жүсіп Баласа­ғұн сонау арғы заманда-ақ “Жүз жыл­дығын бұрын ойла­ған ел өз ұрпа­ғын тәрбиелейді” деп айтқан екен. Мемлекет басшысы­ның Қазақ­станды таяу жылдар­да дүние жүзін­де дамыған ең қуатты 50 мемле­кеттің қатары­на қосу жөніндегі стра­тегиялық мақсаты халқы­мыз­дың білімді де білікті және ұлттық намыс­пен, елдік пейіл­мен еңбек етуіне жетелейтіні анық. Өйткені, бұл асқаралы міндет ұлттық идеямыз, өмір­шең саясат­тың өнеге жолы. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Авторы: Арслан АСАНОВ, “Арыстанбаб” колледжінің директоры.