Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - Өнер де бала сияқты, аяласаң өседі

Өнер де бала сияқты, аяласаң өседі

Сәрсенбі, 14 ақпан 2007– Асқар Cмайылұлы, өзімізге белгілі, біз бүгінге дейін кітап өтпейді емес, жетпейді деп келдік. Осы күні Құдайға тәубе, қаншама кітаптар жа­рық көріп жатыр. Осы кітаптар оқырман қолына тиіп жатыр ма? Кітапхана­лардың бүгінгі жай-күйі қалай?

– Қазіргі кезде кітапха­наларды жаңарту бойынша кең көлемде жұмыстар жүр­гізілуде. Мақсатымыз – ин­новациялық ақпараттық-коммуникациялық техноло­гия­ларды енгізу, яғни Қа­зақстанның кітапханаларын жедел компьютерлендіру, ақ­параттандыру болып та­былады.

Үстіміздегі жылы Астана қа­ла­сындағы Ұлттық акаде­миялық кітапханасы үшін техникалық жабдықтар, лицензияландырылған бағ­дарламалар алынбақ. Техни­камен жабдықтау, бағдар­ламалармен қамтамасыз ету Қазақ ұлттық электрондық кітапханасын (ҚазҰЭК) құру жобасын жүзеге асы­руға мүмкіндік береді. Бұл жобаға үстіміздегі жылы 183 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр. Соны­мен қатар, “Қазақстан кі­тапха­налары” мемлекеттік электрондық қорын қалып­тастыру, “Ұлттық мұра” ақпа­раттық-танымдық веб пор­талын құру бойынша ай­тарлықтай іс-шаралар атқа­рылуда. Бұл жоба бойынша виртуалдық кітапханалар, мұражайлар, мұражай-қо­рықтар құру көзделініп отыр. Жобалардың тұсау­ке­сері осы жылдың 4-тоқса­нына жоспарланған. Бұл жобаларға 383 млн. теңге қар­жы бөлінген.Осыған орай, кітапха­налар жаңа технологияларды игеріп, интернетті қолда­нып, электрондық кітапха­налар, каталогтар құрып, жаңа келбетке ие болуда. Алайда, ақпараттандырумен қатар жоғары техноло­гия­лардың дамуымен ерекше­ленетін бүгінгідей заманда оқу мен ақпаратты талдай бі­луді қатар жүргізу аса қа­жет.Сондықтан бұл мәсе­лелерге де көп көңіл бөлі­нуде. Ақтөбе қаласында өт­кен “Кітапханалық астана” республикалық семинары оқу мәселелеріне арналған болса, онда 2007-2010 жыл­дарға арналған “Оқитын Қазақстан” бағдарла­масы­ның жобасы әзірленді. Сон­дай-ақ биылғы 18-19 сәуірде Астана қаласында осындай шара оқу мәселесін мәде­ниет­тің маңызды бөлігі ре­тінде жан-жақты қолдау, ұлтымыздың интел­лектуал­дық басымдылығын көтеру құралы ретінде, жеке адам­ның, қоғамның шығарма­шы­лық және әлеуметтік бел­сенділігін арттыруға ық­пал ету мақсатында өткі­зілді.Иә, Астанада өткен ха­лықаралық Оқу конгресі жұмысына жақын және алыс шетелдердің шығар­ма­шылық және ғылыми интел­лигенциясының белгілі қай­раткерлері қатысып, Герма­ния, АҚШ, Франция, Ұлы­британия, Канада, Моңғо­лия, Иран елдерінің өкілдері жұртшылықты өздерінің ұлт­тық оқу бағдарлама­лары­мен таныстырды.–Сахна өнерін жаңа бір биікке көтеретін тың ізде­ністер қажеттігі соңғы ке­зеңде айқын байқала бас­тады. Бұл тұрғыда не айтар едіңіз?–2007 жылдың наурыз айын­да еліміздің театр өне­рінде аса маңызды оқиға – театрлар сценографиясының даму мәсе­лелеріне арналған республи­калық режиссерлік практикум өтті. Бұл отандық театр қай­рат­керлері үшін елеулі оқиға болды.— Аталған шара шеңберін­де облыстық және республи­ка­­лық театрлардың қойылым­дарын безендіру эскиздерінің көрмесі ұйымдастырылып, қазақстандық және шетелдік сценографтардың қызықты да әсерлі баяндамалары жасалды. Сондай-ақ биылғы жылы министрлік өзінің тарихында алғаш рет музыка және дра­матургия салаларында қоғам­дық маңызды көркем шығар­маларды жасауға арналған мемлекеттік гранттарға кон­курс жариялады. Екі сала бой­ынша сараптау комиссия­ла­рының отырыстары болды. Олардың шешімдері жақын арада бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады. Аталған шара бүгінгі нарық заманының талаптары­на, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі рухани сұраныстарына сай, Елбасымыз баса айтқан отандық шығармашылық зия­лы­ларды қолдау туралы тап­сыр­масына байланысты және бұл туралы шет елдердегі қа­лып­тасқан мол тәжірибеге сүйене отырып өткізілді. Алда­ғы уақытта бұл шара өз жемі­сін береді деген ойдамын.– Жастарымыздың шет­жұрт­тық өнер туындыларын көбірек қызықтауы отандық өнердің, оның ішінде кино саласының бәсекеге қабілетті емес екендігінің бірден-бір айғағы десек, киногерлер өз тарапынан жақсы кинолен­талардың аздығын бұл салаға деген қамқорлықтың кемшін­дігімен байланыстырады. Әри­не, қазақ кино өнерін өркен­детуге мүлдем көңіл бөлінбей отыр деуге болмайды. Бұл орайда “Көшпенділер” фильмін түсіруге мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлінгенін айтсақ та жетіп жатыр. Әйтсе де киногерлер сөзінің түбінде де бір шындықтың жатқаны анық. Олай болса, бұл саланы бәсекеге қабілетті ету үшін не істеу қажет деп ойлайсыз?–Соңғы кезде отандық кинематография жайына ар­налған мәселелер жиі көтері­ліп жүр десем, осыған орай министрлік тарапынан кино­туынды жасайтын субъекті­лерге көркем шығармалар тудыруы үшін мемлекеттік қолдау көрсетіліп, әрі оларға тең мүмкіндіктер туғызу шаралары қарастырылуда.“Қазақфильм” киносту­диясы бүгінгі күні акционерлік (мемлекеттік) қоғам. Қазіргі уақытта осы киностудияның ұлт­тық фильмдерді түсіруі үшін мемлекеттік қолдау көр­се­тудің тәртібі мен ережелері дайын­далып, ол конкурс негізінде өткізілетін болады.Осы арада бір айта кететін жәйт, бүгінде “Кинематогра­фия жөніндегі” заң жобасы дайындалып бітті. Оны кине­матографиялық қауымменен бірлесе талқылап, айтылған пікірлермен толықтырып, одан әрі қажетті сатылар бойынша оны заң қабылдау межесіне жеткізу көзделіп отыр.Әрине, біз киноөндіріс үшін салықтық және кедендік жеңілдіктер туғызу қажеттігін жақсы білеміз, соған орай Парламент депутаттарына бұл туралы жан-жақты түсіндірме беріп, олардың қолдауына бар күш-жігерімізді салатын бо­ламыз.Жалпы өнерді қолдау жө­ні­нен министрлік тарапынан жасалынып жатқан іс-шара­лар, ой-жоспарлар аз емес. Бұл орайда осы жылдың сәуір айында министрліктің ұйым­дастыруымен мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің, шығармашылық зиялы қауым­ның Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауынан туындайтын “Қазақстандық отансүйгіш­тікті нығайту – ұлт зиялы­ларының парызы” атты рес­публикалық мәжілісі өткенін айта кетсем деймін. Онда Мә­де­ниет және ақпарат министрі Е.Ертісбаев Елбасының Жол­дауына байланысты баяндама жасап, барлық салада атқа­рылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталған болатын. Онда:– тарихи-мәдени мұра, мә­­де­ниет және өнер сала­ларында жаңа бағдарламалар жасау;– аймақтарда мәдениет нысандары желілерін дамыту;– мәдениет қызметкер­ле­рінің еңбекақысын көтеру, оларды әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелерін шешу жайы нақты айтылуы өнерге деген көзқарастың жаңа бір биікке көтерілгенін байқатады.– Естуімізше, бүгінде Түр­кістандағы Қожа Ахмет Ясауи кешеніне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Осыған орай Түр­кістанға өзіңіз де арнайы барып қайтқан екенсіз. Біздің білейік дегеніміз, бұл кешенге күні кеше ғана, анықтап айтсақ, жаңа ғасыр басында жаңғырту жұмыстары жүргі­зілген бола­тын. Арада шамалы ғана уақыт өткенде жаңғырту жұмысын қайтадан жүргізуге не себеп болып отыр?– Қожа Ахмет Ясауи кесенесі 2003 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік Мұра тізіміне енгізілген тари­хи ескерткіш. Өзіңіз айтқан­дай, оған 1993-2000 жылдары қайта жаңғырту жұмыстарын “Вакиф иншат” түрік фирма­сы жүргізген болатын. Сол кезеңде кесенеге свай фунда­менттері орнатылып, төбесі жылу ұстағыш және бу шығар­ғыш қабаты бар жаңа кон­струкциямен жабылып, ин­терьердің гипстік сылағы ан­гидрид сылағымен ауыс­ты­рылған еді. Сонымен бірге кесененің қабырғалары мен фундаменттеріне, алдыңғы беті мен интерьерлердің қасбетті және декоративтік жұмыстарына Ыстамбұл тех­никалық университеттерінде, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында лабо­раториялық зерттеуден өткі­зілген құрылыс материалдары пайдаланылған болатын.Алайда, осыған қарамас­тан, соңғы уақытта кесененің көп­теген бөліктерінің сылақ­тары түсіп, жарықшақтар пайда болды. Жекелеген бөл­мелердің кейбір жерлерінде сыз­дың дақтары білініп, қа­зан­дықтың төбесін ұстап тұр­ған ағаш балкілер дымданып, бұзыла бастағаны байқалды.Аталған кемшіліктерді жою мақсатында 2006 жыл­дың маусым айында Мәде­ниет және ақпарат министр­лігі ЮНЕСКО өкілдері жә­не қазақстандық  мамандар­дың қатысуымен шұғыл отырыс өткізіп, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің төбесіне зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады.Жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындысы көрсеткендей, ғимаратқа жаңғырту жұмыстарын жүр­гізгеннен кейін оның тех­никалық жағдайы нашарлап кеткен. Соған орай, құ­дықха­на, үлкен және кіші Ақсарайдың күмбездерінің қаптамаларын алу және бар­лық гидроизоляция қабат­тарын ашу жұмыстары жүр­гізілді. Қазандық күмбезінің жоғарғы саңылауы кеңейтіл­ді және төбелерінде орна­тылған қосымша тесіктер ашылды. Бас қасбет пен екі мұнараның бекіткіш кон­струкциясы айырбасталды.Аталған мәселелерді ше­шуге 2006 жылы республи­калық бюджеттен 32,0 млн. теңге, ал үстіміздегі жылы 42,0 млн. теңге қаржы бө­лінді. Бүгінгі таңда ғимарат­тың көне материалдарын бұзылудан сақтау мақса­тында төбеге жаңғырту жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстарды іске асыру үшін төбені жауып тұратын аспалы қондырғы орна­тылып, төбенің керамзиттік қабатының астынан гипстен құйылған қабаты толықтай бұзылып алынды. Паро­изоляция ретінде полиури­танадан жасалған қоспа қабаты пайдаланылды. Германиядан полиуритан арнайы қоспасын әзірлеу үшін шикізаттар мен қон­дырғылар әкелінді.Өзіңіз айтқандай, өткен сәуір айында аталған мәселе бойынша өзім Түркістан қаласында іссапарда болып, ескерткіштің қазіргі жай-күйін көріп, кесенеге жаң­ғырту жұмыстарын жүргізіп жатқан “Қазқай­тажаңарту” республикалық мемлекеттік кәсіпорынның өкілдерімен мәжіліс өткізіп қайттым. Онда ескерткішті сақтау жөнінде жан-жақты әңгіме болды. Қазіргі уақытта күмбездер мен төбелердің барлық изолияциялық қа­баттарын ашу, гидро­изоля­циялық қабаттарды қондыру үшін және күмбездерді қайта қаптау, қабырғаларды қайта жаңғырту, сонымен қатар, төбе жапқышы ре­тінде пайдаланылатын Түр­кістан филиалының өндіріс базасында Сауран сазынан ескі технология бойынша жасалған кірпіштерді әзір­леу жұмыстары жоспар­лануда.Сонымен қатар, Түркіс­тан қаласына іссапармен баруымның тағы бір себебі, “Әзірет-Сұлтан” мемле­кет­тік тарихи-мәдени қо­рық-мұ­ражайының қызмет­керле­рімен кездесіп, аталған ме­ке­менің жаңа басшысын та­ғайындау мәселесі бола­тын.Жаңа басшылыққа кесе­ненің төбесіне сапалы жөн­деу жұмыстарын жүргізу бойынша “Қазқайта­жаңар­ту” республикалық мемле­кет­тік кәсіпорнымен тығыз ынтымақтастық орнату жә­не аталған бағытта жүргізіл­ген жұмыстар жөнінде министрлікті үнемі хабардар ету тапсырылды.Менің ойымша, аталған іс-шараларды іске асыру жә­не қалпына келтіру мәсе­лелерін ғылыми тұрғыдан шешу, ескерткішке қайта жаңғырту жұмыстарын тиім­ді жүзеге асыру, адам­заттың ұлы туындыларының бірі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталуын қамтамасыз етеді деп білем.– Әңгімеңізге рахмет.

Авторы: Әңгімелескен Жұма КЕНЖЕБЕКОВА.