Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - «ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы тиындар» көрмесі

«ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы тиындар» көрмесі мен «Қазақстанның нумизматикалық мұрасы» атты альбом-кітаптың тұсаукесері 2008 жылы қарашаның 14-күні

Бейсенбі, 08 қаңтар 2009Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік орталық музейінде (ҚР МОМ)  2008 жылы  қарашаның   14-күні сағат 11.00-де  Қазақстан Рсепубликасының ұлттық валюта теңгенің  айналымға енгеніне 15 жыл толуына арналған  «ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы тиындар» көрмесі  мен  «Қазақстанның нумизматикалық мұрасы»  атты альбом-кітаптың тұсаукесері рәсімі өтті.

Бұл іс шара кезінде   ҚР МОМ директоры Н. Әлімбай, ҚР Ұлттық банк төрағасы Ә.Сайденов, Қазақстанның финансистер ассоциациясының төрағасы Д.Сембаев,  Inter Cinema –TV service компаниясының төрағасы С.Әзімов, ұлттық валюта теңгенің дизайнерлерінің бірі Х.Ғабжалилов  құттықтау сөз сөйлеп,  ұлттық теңгеміздің  тарихына,  оның қаржылық айналымдағы жайттары мен музей қорындағы  Қазақстанның нумизматикалық жәдігерлердің  ежелгі  тарихы жайында  кеңінен әңгіме өрбітті.                ҚР МОМ және UniCredit тобының  мүшесі АТФ Банкі мен  Inter Cinema –TV service компаниясы ұсынып отырған «Қазақстанның нумизматикалық мұрасы» атты альбом-кітап  музей ұжымы 2008 ж. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында аяқтаған «ҚР МОМ нумизматикалық жинақтамасы» деп аталатын көлемді ғылыми- академиялық  каталогтың негізінде жасалды (құрастырушылар: Н. Базылхан, Б.С. Қақабаев, Р.З. Бурнашева, П.Н. Петров, Д. Жолдасбаева). Альбом-кітапқа музей қорындағы 34 мыңнан астам нумизматикалық жәдігерлерден мағлұмат беретін,   кушандық, сасанидтік, византиялық, түргештік, қарахандық, алтынордалық, шағатайлық, Әмір-Темір заманындағы,  бұхарлық, хорезмдік, самарқандтық, жоңғарлық, қытайлық монеталармен қатар, патшалық Ресей, КСРО және тәуелсіз Қазақстан Республикасында  1993 жылдан бүгінгі күнге дейін  жасалған алтын, күміс, мыс тиын ақшалардың сипаттамаларымен  қоса  түрлі-түсті  фотосуреттері берілген. Альбом-кітап дизайнерлік  тұрғыдан көркем безендірілген басылым болып жарыққа шығып отыр.Осыған орай «ҚР Мемлекеттік орталық музей қорындағы тиындар» көрмесінде  аталмыш альбом-кітапқа  енгізілген байырғы және қазіргі кезеңдегі  нумизматикалық  материалдар көреремендерге ұсынылған.