Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - Территория кино – Кино алаңы жарыққа шықты

Территория кино – Кино алаңы жарыққа шықты

Сенбі, 31 қаңтар 2009Қазақ киносының жай-күйі, кино әлеміндегі соны пікірлер мен соңғы жаңалықтардан енді сізді «Кино алаңы» журналы хабардар ете алады. Енді әр киносүйер қауым сүйіп көретін киносы, актері, режиссері, т.б. туралы «Қазақфильмнің» оқырманға жол тартқан «Территория кино – Кино алаңы» журналынан оқи алады.

Қазақ киносының жай-күйі, кино әлеміндегі соны пікірлер мен соңғы жаңалықтардан енді сізді «Кино алаңы» журналы хабардар ете алады. Енді әр киносүйер қауым сүйіп көретін киносы, актері, режиссері, т.б. туралы «Қазақфильмнің» оқырманға жол тартқан «Территория кино – Кино алаңы» журналынан оқи алады.

Басылымның алғашқы саны да қолымызға тиді. Журнал Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ермек Аманшаевтың ізгі лебізімен бастау алады. Мұнан әрі бірнеше кинофильмдерімен танылған режиссер Тимур Бекмамбетовпен Гүлнар Әбікееваның эксклюзивті сұхбаты жарияланған. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан болуды» да ойлаған болар, атақты режиссер Қазақстандағы алғашқы «Золотой воин» фильмін түсіруді бастамақ. Белгілі режиссердің бүгінгі қазақ киносы жайында да айтары мол. Сонымен қатар талай сынға іліккен Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі жайында да ой қозғалады. Театр мен киноны екінші өмірі санайтын белгілі актер Бақытжан Әлпейісовпен «Көзқарас» айдарында Гүлзина Бектасованың сұхбаты орын алған. Қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. Ол – «Біржан сал» фильмі. Кинофильмнің режиссері әрі басты рөлін сомдаушы да – Досхан Жолжақсынов. Аталмыш туынды жайында басылымның «Стоп-кадр» айдарында таныса аласыз. Сонымен қатар қазақ кино өнерінің тарихында аты аңызға айналған тұлға – Шәкен Айманов туралы сыр толғанады. Сондай-ақ «Канн» кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алған қазақстандық режиссер Сергей Дворцевтің «Қызғалдақ» кинофильмі, Еркін Рақышевтің «Жетімдер» фильмі жайында да пікірлер орын алған.

Ал кино бизнесі мен осы жылдың жаңалықтарынан қаныққыңыз келсе де, журнал беттерін парақтаңыз. Өміріміздің айнымас бір бөлшегіне айналған кино өнері жайында мұндай басылымның керегі сөзсіз.

www. anatili.kz