2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде, яғни 2004-2006 жылдары, мынадай жұмыстар атқарылды:Тарихи-мәдени маңызы зор 35 сәулет ескерткіші күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта қалпына келтірілді.30 археологиялық, 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылды. Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей мен арменияда жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде біздің тарихымызға қатысты 5 мыңға жуық құнды дерек табылды. Олардың көшірмелері елге әкелінді.2007 жылы Қазақстан аумағындағы 20 тарихи, мәдени маңызды ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде 9 нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Солардың ішінде «Абылай ханнның ордасы» кешені де бар. 32 көне қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізілді.Облыстар бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін жаппай инвентаризациядан өткізіп, нақты Тізімін дайындап, энциклопещдиялық анықтамалық томдар ретінде басып шығару жұмыстары жүргізілді.2004-2006 жылдары ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының серияларын әзірлеу және басып шығару бағытында 218 том жарық көрді, 2007 жылы 74 атаулы кітап шығарылды.ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы кешені еңгізілді.Ғылымға нақты қолдау жасалды. Жаңаша ізденістер мен зерттеу жобалардың арқасында отандық ғылым кеңістігі орасан көлемдегі бағалы еңбектермен толықты. Бағдарлама аясында зерттеушілерді материалдық жағынан ынталандырудың мүмкіндігі кеңетілді. Аударма саласы жанданды. Елімізде кенже қалып келе жатқан реставрациялау ісі өркендеді. Заманға сай баспа өндірісі жаңаша қарқынмен дамыды.«Мәдени мұраның» бірінші кезеңі негізінен тарихи мұралары іздестіру, анықтау, жинастыру ретінде өткені белгілі. Ал екінші кезең – осы жинаған құндылықтарымызды сұрыптау, зерделеу, оларды тарихи мұраға айналдыру сатысы ретінде нақтылануы тиіс.Екінші кезеңде «Мәдени мұра» бағдарламасының халықаралық мәртебесін арттыруға да мән беруіміз керек. Екенші кезеңіндегі даму бағыттары:Бірінші бағыт: «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңінде ұлттық символдарымызды қалыптастыруға көңіл бөлуіміз керек.Біз Есік қорғандары мен Берел, Түркістан мен Отырар, Ұлытау мен Сарайшық сияқты мемлекеттілігіміздің алтын бесіктерін жөнге келтіруімізге болар еді.Олардың ішінде, әсіресе, құнды және жол торабында тұрған Сарайшық жалпақ әлемге жауынгерлік рухымен танылған көшпендіоер одағы – Алтын Орда империясының, соңынан қазақ пен шығысты байланыстырған ірі сауда орталығы ғана емес, елдіктің туын көтерген қала екенің ұмыртпайық.Ал Отырырға келсек, рл Әл-Фарабидей әлемге әйгілі данышпан бабамызды дүниеге әкелген, Александрия мен Карфаген сияқты әлемдік тарихта теңдесі жоқ кітапханасы болған рухани бесік, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда кенті.Түркістанда елі үшін еңіреп, халқы үшін қасық қаны қалғанша күресіп өткен қазақтың баһадүрлерінің сүйектері жатыр. Біздің төл тарихымызды тұмшалауға тырысқан кешегі кеңестік дәуірде Есім, Тәуке, Жәәңгір сияқты хандардың, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Жауғаш пен Көйгелді сынды батыоларымыздың, Қаз дауысты Қазыбек бидің кесенелері мен құлпытастары бұзылып, қиратылып, жермен жексен болды.Сол құлпытастарды қайта қалпына келтіріп, жөндеуміз керек.осы аталған жерлерде келешекте қазақ хандары мен батыр билерінің пантеондарын ашу мәселесін де ойластырған дұрыс шығар.Осы айтылған нысандардың баршасы қазақ халқының этнос ретінде ежелден біртұтас ел екенін білдіретін киелі символдар, ұлт ретінде ұйымдастыратын қасиетті орындар.біз қаражатты нақтылап дәл осы ескерткіштерге жұмсап, нәтижесін көрсетуіміз керек.Екінші бағыт: «Мәдени мұра» бағдарламысының екінші кезеңінде мәдени туризмді өркендеті мәселесіне мұқият назар аударған жөн.Әлемдік туризмде Қазақстанды танытатын ретінде әрбір қорық, мұражайлардың сипатына қарай жеке-жеке тұжырымдасын әзірлеп, олардың мәртебесін белгілеу керек. Мәдени туризмді дамыту үшін тарихи орындарымыздың бәрін мұражайландыру керектігі белгілі жайт.Үшінші бағыт: Тарихи құндылықтарымызды халықаралық деңгейде насихаттау мәселесі қайта қарауды қажет етеді. Өткен жылы Египет пен Сирия елдеріне жасаған Елбасы ресми сапарларында Дамаск қаласында Әл-Фарабидің кесенесі мен этномәдени орталығын салуға, сол қаладағы Сұлтан Бейбарстың кесенесі және Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті қайта жаңғартуға келісіп қайтты.Берел мен Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар және өзге де тарихи мекендеріміз жайында халықаралық талаптарға сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасап, олардың «Би-би-си», «Дискавери» сияқты әлемдік телеарналардан көрсетілуін де қолға алатын кез келді.Мұндай жобалар біріншіден, қазақ елінің әлемге танылуына игі ықпал етсе, екіншіден, тарихи орындарымызды дүниежүзілік телеарналардан насихаттау арқылы елімізге келетін туристтер ағының арттыруға септестер еді.Арнайы халықаралық, ғылыми-теориялық конференциялар өткізу керек. Шетелдік белді-белді ғылымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып, мұраларымыздың әлемдік құндылықтар деңгейінде зерттелуін қолға алу керек.Шет елдерде көрмелер ұйымдастыра отырып, бұл мұралар бүкіл әлемге ортақ игілік екенің паш ету жағын ойластыру керек.Ұлттық жаңғыруымыз бен мәдени өрлеуіміздің орталығы ретінде Астана қаласында «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша табылған басты-басты мұраларды жинастырып, үлкен халықаралық деңгейдегі мұражай ашуды қолға алуды Астана қаласының әкіміне және Мәдениет және ақпарат министріне тапсырылды.Төртінші бағыт: Біздің алдымызда осы жылдары табылған мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеп-зерделеу мңндеті тұр.Бүгінге дейін шетелдерден қазақ тарихына қатысты 5000-ға жуық көшірмелер әкелінген екен. Шетел архивтерінде шаң басып жатқан мұрағаттарды ұыруар қаржыға сатыа алып, енді өз елімізге қайтадан шаңға көміп тастау ешбір қисынға келмейді.Сол үшін «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жиналған барлық деректер мен мұралардың ғылыми айналымға түсуін қадағалану керек. Кене деректерді зерттейтін ғалымдарға арнайы гранттар тағайындап, қазақ тарихының «ақтандақ беттерін» ашуға мән берілуін қарастыру керек.Бесінші бағыт: «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сараптап, жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары мектептердің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына еңгізу керек.Біздің алдымыздак ел болашағын сеніп тапсыратындай, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын суйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр.Алтыншы бағыт: Мамандар даярлау да қазір өзекті мәселенің бірі болып отыр. Кәсіби аудармашылар даярлау ісі әлі де жолға қойылмай келеді. Тарихи мұраларымыз бен ұлттық фольклорымызды өзге тілдерге сапалы аудара алатын, әлемдік ғылым мен ақыл-ойдың сан-саласы бойынша құнды дүниелерді қазақ тіліне кәсіби тәржімалай алатын маманданған аудармашыларды даярлау міндеті тұр.Қорытынды сөзінің түйінінде Мемлекет басшысы былай деді: «Біз бүгінде дербес, жаңа тұрпатты мемлекет құрудың келесі кезеңіне қадам бастық.Бұл кезенде Қазақстан халқы ұлттық даму мүддесін аясында шоғырланып, тарихи мұраларымыз ел тұтастығын символына айналуы тиіс деп білемін.