Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - Қазақстан халқы Ақмола облысы Кіші Ассамблеясы мүшелерінің ХІ сессиясы

Қазақстан халқы Ақмола облысы Кіші Ассамблеясы мүшелерінің ХІ сессиясы болып өтті

Жұма, 12 желтоқсан 2008     2008 жылдың 19 қарашасында "Достар" мәдениет сарайында Қазақстан халқы Ақмола облысы Кіші Ассамблеясы мүшелерінің  ХІ сессиясы болып өтті. Жиналған қонақтар алдымен мәдениет сарайында қойылған шеберлердің көркемсурет және қолданбалы өнер туындыларының көрмесін және облысымызды мекен еткен әртүрлі халықтардың ұлттық ас ас мәзірі көрмесін көріп тамашалады.

Сессия мәжілісін ашқан облыс әкімі А.П. Рау Кіші Ассамблеяның жаңа құрамымен таныстырып, өз сөзінде ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және конфессия аралық келісім-бірлік пен ынтымақтан бастау алатынын тілге тиек етті.         Сессия мәжілісінің соңы Ақмола облысының ұлттық мәдени орталықтарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты. Бағдарлама әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың би қойылымдарынан құралған жарқын хореографиялық прологпен ашылып, одан әрі Ақмола облысының үздік өнер ұжымдары: "Кербез сұлу" фольклорлық халық ансамблі (облыстық халық шығармашылық орталығы), "Дайана" би ансамблі (Щучье ауданы), "Радуга" халық би ансамблі (Степногор қ.), "Сердало" халық би ансамблі (Бұланды ауданы), "Зигзаг" би ансамблі (Ақкөл ауданы), "Горный родник" шешен би ансамблі (Сандықтау ауданы), "Көкшетау" («Көкшетау» М.С.), "Он алты қыз"  халық би ансамблдері (ОХШО), ұлттық-мәдени орталықтардың әнші-бишілері  өнер көрсетті. Қазақ, орыс, украина, татар, поляк, неміс әндері шырқалып, жалынды ингуш биі, назды әуенге толы өзбек және еврей халқының билері және көтеріңкі көңіл-күйде қазақ билері орындалды. Концерт соңы "Шамшырақ" вокалдық студиясының "Мы один народ, мы одна судьба!" әнімен мәресіне жетті. Бір-бірімен үндесе өріліп, сахна төрінен шаттық сыйлаған мерекелік концерт, еліміздегі бірлік пен берекені, мызғымас достығымызды паш еткендей болды.