Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мақала және жарияланымдар

Ботағай кесенесі   (XI - XII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мақала және жарияланымдар - «Мәңгілік Ел» идеясы келешекке бастама

«Мәңгілік Ел» идеясы келешекке бастама

Жұма, 16 маусым 2017Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында өткен жаңғырулар кезеңінде Қазақстанның жеткен толайым табыстары мен жетістіктері ұшан-теңіз.Елбасы айтқандай, 25 жылда жүріп өткен ауыр да, абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырлармен тең. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің ширек ғасыры - Еуразия жүрегіндегі Ұлы Далада жазылған мыңжылдық тарихтың жаңа дәуірі болды.

Жаңа ғасырдың екінші онжылдығында елдің алдында инновациялық-өндірістік дамуға өту жөнінде жаңа әлеуметтік-экономикалық міндеттер тұрды.

Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050; Бір мақсат,бір мүдде,бірболашақ»атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялағаны белгілі. Стратегиялық бағдарламада Мемлекет басшысы еліміздің ендігі межесі мен асуын айқындап берді. Жалпы Қазақстан халқы үшін осы құжаттың орны орасан. Жолдау-жүріп өткен жолымыздағы кіріс-шығысты пайда-зиянды безбендейтін әділ таразы және ертеңгі алыс сапарға аттанар даңғайыр даңғылдың бағдаршысы.

Астанада Бейбітшілік пен келісім сарайында 2016 ж.26 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт»атты ХХІҮ сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіқабылданды. Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел - Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Ел....Мәңгілік Қазақстан....Осынау қастерлі ұғымдар ата-бабаларымыздың мәңгілік арманы,мәңгілік аңсары еді ғой.Тәуелсіздіктің бар-жоғы 25 жылында сол арманның асау тұлпарын ауыздықтап, ерттеп міндік. Көздеген көмбеге мерейлі межеге жеткізер құбыламыз - «Қазақстан-2050» Стратегиясы. Ширек ғасырдан астам ұзақ мерзімге жоспар жасау-құрғақ қиял емес. Осы күні өркениеттің шырқау шыңына шығып отырған ондаған мемлекеттер осы жолдан өткен. Бірақ біздің жолымыз бөлек. Біздің жолымыз-Елбасымыз Н.Назарбаев тізгінін ұстаған Қазақстандық жол.

Болашаққа барар жолды бағамдайтын осы бір тарихи құжатта талай дүние қамтылады. Келешегі кемел Отанымыз үшін бұл құжаттыңмаңызы үлкен. Аты айтып тұрғандай, маңызды құжат барлық қазақстандықтарды ортақ мақсатқа жетелейді. Барлығымыздың мақсатымыз-тәуелсіздігімізді мықтап ақтай отырып,еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосу. Осы межені бағындыру мақсатында елімізде қаншама мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Жолдауда 35 жылды әр бес жылдыққа бөліп, даму сатымызды көрсетіп, әр бір бес жылда мақсаттарымыздың орындалатынына көз жеткізіп отырғанымызды нақтылай айтып берді. Елбасы еңбек пен ғылымға иек артуымыз керектігін айтты. Әлемдік бәсекеде ғылым үлкен рөл атқарады, ғылым арқылы бәсекеге төтеп береміз. Елбасының Жолдауында жастарға, келешек маман иелеріне назар аударғанын осы тұрғыда өткен жылғы Жолдауында;! «Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайдылық танытпаңыздар.

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді,білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.

Елбасы кезекті жолдауында жастардың патриоттық санасын қалыптастыру тақырыбын да назардан тыс қалдырмады. Ол «тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға басамыз»,-деп,халықты бірлікке шақырды. Артынан «Қазақстан патриотизмнің іргетасы-барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі» - деп нақты бағытын көрсетті.

Жолдауда Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажеттігін баса айтты. Бұл ─ аса маңызды іс.Өйткені ұлтжанды азамат өз ұлты мен отанына,дініне қиянат жасамайды.

Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлығы. Елбасы Қазақстанның болашағы─қазақ тілінде екенін айта келіп,жастарымыздың заман талабына сай үш тұғырлы тілді меңгеру қажеттігін мақсат етіп қойды.Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ол ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Ал орыс тілін білу ─ біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршамызға белгілі.Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек.Елбасы жоғары сынып оқушылары ағылшын тілін еркін меңгеріп,онымен таза сөйлейтін дәрежеге жетуі керектігін алға тартты. Барлық экономикалық жаңалықтар, озық тәжірибелер мен жаңашылдықтар осы тілде болғандықтан, оны орыс тілінен аудармай бірден ұғу ─ қазіргі жастардың алында міндет етіп қойылып отыр. Бұл орынды талап, өйткені, қазір бүкіл әлем бір-бірімен ағылшын тілінде сөйлеседі.

Елбасы халқымыздың дәстүрі мен мәдениеті ─ ұлттың генетикалық коды екенін айтты. ЖаҺандану иірімінен аман қалу үшін де біз дәстүрімізбен, тілімізбен, мәдениетіміз бен ғана ерекшелене аламыз. Осының барлығын шынайы жүзеге асыру үшін Елбасы интеллигенцияның рөлі жоғары.

«Қазақстан ─ 2050» Стратегиялық жобасы-біздің адастырмас, айнымас темір қазығымыз. Алайда,байлық пен абырой,жаңарулар мен жаңғыртулар аспаннан жаумайды. Әр адам еңбек пен ғылымға арқа сүйеуі қажет. Елбасының бізден талап етіп отырғаны да осы. Сонда ғана халықтың әл-ауқатын көтеріп, жаһанды мойындатып, Жер бетіндегі азулы 30 мемлекеттің қатарынан ойып тұрып орын аламыз. Жеңіліске ұшырамай, әр уақытта жеңіс тұғырынан көріну үшін, тиімді тактика, салымды стратегия керек. Ол ─ «Қазақстан ─ 2050» Стратегиясы, Мәңгілік Ел идеясы.Елбасымыз айтпақшы, «Мәңгілік Ел ─ ата-бабаларымыздың сан жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан ─ 2050» бағдарламасы ─ Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол».

«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы; жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы бізге «Мәңгілік Ел»ұлттық идеясына жетуде серпінді  қадам жасауға,экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыруға, бәсекелестік қабілетімізді нығайтуға және 2030 жылы 30 дамыған елдер қатарына қосылуға зор ықпалын тигізетініне сенімдіміз.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жаңа Жолдауында да білім сапасын арттыруға, денсаулық сақтау қызметін одан әрі дамытуға, әлемдік дамыған жаңа технологияларды меңгеруге, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға баса назар аударып отыр. Сондықтан Жолдауда Елбасы алға қойған мақсаттар мүддесінен шығу үшін, талмай ізденіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, жобаларды жүзеге асыруда, жарқын бастамалардың іске асуына әр саланың мамандары өзіндік үлесімізді қосуымыз қажет.

 

 «Отырар мемлекеттік археологиялық

қорық-музейі» РМҚК археология және

тарихи ескерткіштерді қорғау ғылыми-зерттеу

бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Мәдениет саласының үздігі

А.Таубек