Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Бабалар сөзі

Бейсенбі, 08 қаңтар 2009Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бастамашылығымен халқы­мыз­дың тәлімдік, та­ғы­лым­дық, ғиб­ратты ой-пікірлерінің отыз ға­сырлық тарихын келісті баянд­ай­т­ын он томдық “ Қазақ­тың тәлім­дік ойлар антоло­гия­сының” төрт кі­табы жақында жарық көрді.

Мұн­да ертедегі түркі ауыз әде­бие­ті тағылымынан бастап (мұның өзін 41 жанрлық түрге жіктеген), қиял-ғажайып ертегілер, ха­йуа­нат­­тар жайлы мысал-әңгімелер, қария сөздер және төрт түлік, құс­тар әлемі, жән­діктер дүниесі, тұл­ғалық аңыз­дар, Қорқытата, Асанқайғы ту­ралы тәмсілдер, күй аңыздары, ұлт руханияты тари­хын­дағы таң­ғажайып әндердің шығу төркіні жөніндегі аңыздар, танымдық мәні айрықша ырым­дар мен ты­йымдар, емшілік, түс жору, емдік өсімдіктер жөніндегі ертегілер жинақталып жүйелен­ген.Антологияның ІІІ томында б.з.б. І - мыңжылдық пен б.з. ІV ғасырлардағы тарихи тұлғалар ту­ралы жазба жәдігерлерден бастап, V-ХVІІ ғасырларда ғұмыр кешкен Әл-Хорезми, Рудаки, Әл-Фа­раби, Әбу-Райхан Би­руни, Әбу Әли ибн Сина, Жүсіп Ба­ласағұн, Махмұд Қашқари сияқ­т­ы ойшыл дана­лардың мә­йегі төгілген маржан ойлары ұсынылған.Сөз өнері тұнып тұрған тағы­лым, даналықтың, ізгіліктің, көркемдік сұлулықтың мөлдір бастауы. Сайып келгенде, 4 том­дық бұл кешенді еңбек би-ше­шендер мен ақын-жы­рау­лар­дың мейлінше асыл, терең, сыр­лы ле­біздеріне арналған. Анто­ло­гия­ның ғылыми аппараты көңіл сүйсіндірерлік. Көлемді шолу материалдары (жазған про­фес­сор Ш.Беркімбаева, про­­­фессор С.Қа­лиев, көне мұра­ларды зерт­теуші К.Аюбай) және ғылыми түсінік­темелері аталмыш көптом­дықтың ғылыми сипатын ажарландыра түскен. Атақты педагог Ян Амос Ко­менский: “Адамның өз таби­ға­тында бар мәйектердің өркендеп жетілуіне, табиғатты адамның танып-білуіне көмектесу керек”, – деген екен. Демек, гумани­тар­лық пәндер бойынша жоғары оқу орындары оқулықтарына қо­сымша дереккөз есебінде ұсы­нылып отырған баға жетпес осы­нау антологияның мән-маңызы ерекше деуге болады.

Авторы: Серік НЕГИМОВ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.