Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру

2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің Түркістан қаласындағы кезекті отырысының

Дүйсенбі, 08 маусым 2009БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Түркістан қаласы                                                                                                                                       2009 жылғы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің                                                                                                           8 маусым сағат 17.00

Мәдениет сарайы

2009 жылдың 8 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Әшімбаевтің төрағалық етуімен «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтеді.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде мына мәселелер қаралады:

1. Отырар қалашығы мен оған іргелес жатқан сәулет және археологиялық кешендерді қалпына келтірудің, Отырар оазисі, Түркістан, Сауран қалалары мәдениет ескерткіштерінің базасында археологиялық зерттеулердің біртұтас іс-әрекет жоспарын жасаудың жайы. Зерттеулерді қарқынды жүргізу мен археологиялық сараптама жұмыстарын жеделдетудің жағдайы;

2.Біртұтас Сайрам-Отырар-Арыстанбаб-Сауран-Түркістан және осы қалашықтарға іргелес жатқан сәулет және археологиялық кешендерді қамтитын туристік бағыттарды әзірлеу мәселесі;

3.Іс-шараларды орындау үшін мүдделі ведомстволардың, жергілікті атқарушы органдардыңіс-қимылдарын үйлестіру мәселесі.

Қоғамдық кеңес төрағасы М.Әшімбаевтің кіріспе сөзінен кейін алғашқы сөз кезегі Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.И.Мырзахметовке беріледі.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.И.Бөрібаев, Туризм және спорт вице-министрі Қ.А.Өскенбаев, Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М.Қасымбек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қ.Е.Ақсақалов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Б.Мұхамбедов, Академик К.М.Байпақов, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Департамент директоры А.Д.Құрманғалиева, «Қазқайтажаңғырту» кәсіпорнының директоры Қ.Қ.Тұяқбаев және т.б. мәдениет пен туризм саласына қатысты бірқатар мекеме басшылары сөз сөйлейді.

Екі сағатқа созылған отырыс барысында еліміздегі мәдени-туризмді жан-жақты дамытудың маңыздылығы, сондай-ақ, Түркістан, Отырар және т.б. тарихи-мәдени кешендерді сақтау және тиімді пайдалану жолдары кеңінен талқыланды.