2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Өткен аптада Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы үйінде«Атажұрт» баспа орталығынан жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті.
Бұл шарада 2008 жылы шыққан Асқар Татанайұлының « Ел қорғаны-Абылай», Мағаз Разданұлының « Алтайдың ақиықтары», Жақсылық Сәмитұлының «Атамекен», ТалғатМамашевтың «Алыстағы ағайын», Қуанған Жұмаханұлының «Құстар қайтып барады», Ырсалды Төкееваның«Ой толқыны», ұжымдық жинақтардан Жәди Шәкенұлы құрастырған «Толғауы тоқсан қызыл тіл», « Армысың атамекен» кітаптарының тұсауы кесілді.Жиында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жауапты қызметкерлері, ақын-жазушылар, қоғамдық ұйымдардың, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Қытай, Еуропа елдерінде тұратын қазақ диаспорасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай –ақ кітапханашылар қатысты. Сонымен қатар кітаптар Алматы мен Астана қаласындағыҰлттық кітапханаларға, мектеп және жоғары оқу орындарындағы кітапханаларға тегін таратылды. Жалпы мұндай жиын осымен бесінші жыл өткізіліп отыр.Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Ботагөз Уатқан былай дейді: « Біздің қауымдастыққа қарайтын «Атажұрт» баспасындажылына жүзден астам баспа табақ кітап шығады. Бұл кітаптардың барлығы шетелде тұрып жатқан қазақтардың шығармалары. Біз негізінен басқа елдерде өмір сүріп жатқан қандас бауырластарымыздың шығармаларын насихаттаймыз. Әлемнің 32 елінде қауымдастықтың мәдени орталықтары бар.Қазақтар көп шоғырланған Қытай, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстанмемлекеттерінде тұратын авторлардың әдеби және тарихи шығармалары қолжазба түрінде келеді.Арасында төте жазумен, кириллицамен жазылған туындылар да бар. Біз соны өңдеп, кітап ретінде шығарамыз.Жалпы осы бес жылдың ішінде 500баспа табаққа жуық кітап жарық көрді. Сонымен қатар шетелдегі қазақтарға арнап қазақ тілін үйрету мақсатындаэлектронды оқу құралдарын, сити- дискілерді, сөздік кітаптарды шығардық.Жыл сайын Президенттің жолдауын моңғол, түрік тілдеріне, төте жазуға аударып, шалғайдағы қазақтарға таратамыз». Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Т. Мамашевтың айтуынша,осы уақытқа дейін екі айда бір рет шыққан «Алтын бесік» журналы айына бір рет, жылына екі рет шығатын «Туған тіл» алманағы тоқсанына бір рет жарық көретін болады. Мұнымен қоса, жақында « Өзбекстандағы қазақтар диаспорасы»,«Қытайдағы қазақтар диаспорасы», « Ресейдегі қазақтар диаспорасы» атты монографиялароқырман қауымға жол тартады.
«Ана тілі» газеті