2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Ғимарат қаланың тарихи орталығын қалыптастырады. Дүкен басынан сауда мекемесі болып құрылған, Николаевский көшесі бойында орналасқан (қазір Алтынсарин көшесі).
Ғимаратта бөлшектеп сату дүкені - «М-В. Яушевъ, Г. Бикмухамедовъ, С. Насыровъ и К0 фирмалар сауда үйі» орналасқан.
Молдавали Яушев осы сауда үйінің еншілесі болған шығар.
Яушевскийлердің Ташкенттегі, Кулджедегі, Челябинскідегі, Қостанайдағы, Қазандағы көтерме және бөлшектеп сату дүкендерінде құрылыс материалдарын, галантереяны, хрустальді, фаянсты, парфюмерияны, бакалеялық, кондиторлық және гастрономиялық тауарларды сатқан.
Ғимараттың орталық кіреберісінде «Майдан бірлестігінің рестораны» маңдайша жазуы көрінген.
Әрі қарай да бұл жерде дүкендер орналасқан, жекелік «Мысль» кітап дүкені.
2008 жылы қайта жөндегеннен кейін бұл жерде облыстық көркемсурет галереясы ашылды.