Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Мақала мен басылымдар

Басты бет - Материалдар - Мақала мен басылымдар - Дейілді ана мешіті жамағатқа есік ашты

Дейілді ана мешіті жамағатқа есік ашты

Сейсенбі, 13 қаңтар 2009Алатаудың баурайындағы Тал­ғар ауданының Талдыбұлақ ауылында Дейілда ана мешіті ашылып, оны тұрғызғандар бү­кіл қауымның алғысына бөленді.Кіндік қаны тамып, балапан құстай баулып өсірген ауылына осындай еңсесі биік Алла үйін салуға ұйытқы болған – белгілі заңгер, отандық Бас прокурор­дың  екі рет бірінші орынбасары болған, генерал лейтенант, қазір Қазақстан Республикасы Консти­туциялық кеңесінің мүшесі Ілияс Бақтыбаев  екен.

Қасиетті рамазан айының  қар­саңында бой көтерген мешіт­тің ашылу салтанатындағы ал­ғашқы сөзді Қазақстан мұсыл­ман­дары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі алды. Ата заңы­мыздың қабылданған күнімен тұспа-тұс келген Дейілда ана мешітінің ашылуын жақсы ырым­ға балаған Бас мүфти: Ананы сыйлаудың, құрметтеудің үлгісін ел азаматы Ілияс бауы­рымыз жасап отыр. Анадан асыл не бар! Адамды Алла жаратты. Ал бәрімізді өмірге әкелген сол  – Ана!  Анасын сыйлаған – адам елін де, жерін де, дос жаранын да, қалың қауымды да сыйлай алады, деді. Он алтыншы ғасыр­да қазақ мемлекетін құрған  Қа­сым хан еді.  Сол Қасым ханнан қасқа жол қалса, алты ғасырдан кейін тәу етер тәуелсіздіктің туын көтерген Нұрсұлтан Назарбаев­тың нұрлы жолы келешекке көш бастап барады. Бұл біздің Отаны­мыздағы ұлт пен этностың береке бірлігінің, ынтымағының арқасы деп білемін, деді мүфти. Атысып, шабысып жатқандардың жағ­дайын көріп отырмыз. Қазақ топырағында  жиырма бес ұлттан тұратын милли­ондаған мұсылман  достық жағдай­ында өмір сүруде. Олар осындай Алла үйін бір ананың баласындай, бір атаның ұрпағындай бірге пайдаланып келеді.  Мұсылман діні – озық өркениетке бастаудың  үлгісі десе жарасады. Мысалы, кітап анасы – Құранның 719 жерінде ғылым мен  білім туралы айтылады. Менің атап айтарым, еліміздегі барша мұсылман қауымы дінге бет бұрып қана қоймай, сол діннің алтын ордасы саналатын мешіт салу ісін жақсы жолға қойды. Осыдан он жеті жыл бұрын 68 шағын ғана мешіт болса, Ілияс бауырымыз салдырған Дейілда ана мешітін қосқанда қазір 2336 Алла үйі қауымға қыз­мет көрсетуде.Мешіт жа­ма­ғатымен көрікті. Мешіттің есігінде құлып тұрмауы ке­рек. Намазға кел­­ген адам сый­май, осындай Алла үйі тағы да керек деген жұрт­­тың өтініші есті­ліп жатса, нұр үс­тіне нұр болмақ, деп сөз аяғын түй­ген ол елдік істің алдағы уа­қыт­­та да жалға­сын таба бере­ті­ніне сенім біл­дірді.Бұдан кейін Талғар ауданы  әкімінің бірінші орынбасары Б.Аб­дуллаев бір ауыл емес, бір­неше ауылдың үлкен-кішісі мі­нәжат ететін  мешіт тұрғызған азаматтарға шынайы ризалығын білдірді.Ал көрнекті ғалым, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, өткен жылы Райымбек ауданының Алғабас ауылында осындай мешіт салып, жұрттың игілігіне берген Нұрғали Мамыров өзінің құттықтау сөзінде Ата Заңымыз қабылданған мереке күні мешіттің ашылуымен қатар келуі­нің өзінде үлкен мән-мағына жат­қа­нын, бұның өзі жаңа дәуірдің ұлттық үрдіспен ұштаса бастағанын  тілге тиек етті. Мен соңғы жыл­дары жастардың Жаратушыға де­ген сенімдерінің артқанын көріп, бұл жақсылықтың нышаны деп жүрмін. Құран кітабында кімде-кім осы дүниеде мешіт салып, жамағаттың қажетін өтесе, оған о дүниеде сарай бұйыратыны айтылады. Осы тұрғыдан келгенде, Дейілда ана мешітін тұрғызудың көш басында тұрған Ілияс Жақыпбекұлының қажыр қайраты қай-қайсымызға да үлгі болса қане, деді академик.Мешіт салуға ұйытқы болған Ілияс Бақтыбаев  оң ниетіне ри­залық білдірген қалың жұртқа алғы­сын айтып, өзінің балалық шағы, одан кейінгі өмір жолы осы   елдің көз алдында өтіп келе жатқанын жеткізіп, кіндік қаным тамған топырағымда отырған үлкен-кіші алдындағы перзенттік парызымды өтеудің бір жолы – Алла үйін салу деп ойлаушы едім.  Міне, сол күнге де жеттім. Әри­не, мен – мемлекеттік қызмет­кер­мін. Ұмтылысымды ел қол­да­маса, азаматтар қаумалап жаным­нан табылмаса, мұндай игілікті іс атқарылмас еді. Жалпы, Ата Заң өміріміздің жазбалы қағидасы болса, ал табиғаттың бізге берген жаратылыс заңы, осы үйде наси­хатталып отырса деген тілегім бар. Мен мешіт салып бердім, ендігі шаруа өздеріңнің еншіле­ріңде демеймін. Бұдан кейін де осы Алла үйінің халыққа қалт­қысыз қызмет етуіне қол ұшым­ды созып, көмегімді беріп отыра­мын, деді.  Осы жерде біз демеушілік жа­сап, дем берген азаматтардың біразының атын атап кетсек дейміз. Олар: Тоқтар Төлешов, Нұрлан Бизақов, Ерік Балапанов, Батыр Мехметов, Өміржан Құр­ман­баев және тағы басқалар.Мешіттің ашылу рәсімінен кейін Құран оқылып, ас берілді.

Авторы: Сүлеймен МӘМЕТ.