 |
|
Қажы Талиға кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елді мекенінде орналасқан. Кесене сол заманның белгілі адамы Қажы Талиғаның құрметіне салынған XVII ғасырдың дәстүрлі монументті сәулет ескерткіші. Осы кезге дейін кесененің бастапқы қалпын сақталмаған. Алғашқы оюлары жоғалған. Кесене көлемі 6400 х 6300 және биіктігі 7,2 м квадрат үлгісінде салынған. Қабырғалары гипсті қоспамен жасалған квадрат кірпіштермен қаланған. Кесененің барлық бұрыштарында доғал бағаналар бар. Оңтүстік фасадтың сылағында сары, көгілдір, қара түсті бояулы суреттер үлгісі сақталған. Кесене күмбезбен көмкеріліп салынған. Күмбез біртүрлі кірпішпен қаланып, сырты 1,1м кішкене күмбездермен аяқталады. Барлық периметрлері бойынша кесенеде екі ағаштан жасалған сейсмопояс бекітілген. |
 |
 |
 |
|
Мірәлі баб кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам елдімекенінде орналасқан. ХІ-ХІІ ғасырларда ислам дінін күшейту мақсатында Исфиджап (Сайрам) қаласында, феодалдардың танымал адамдарына арналып салынған ескерткіш. Мірәлі баб кесенесі ХІ ғасырдың соңы мен ХІІ-ғасырдың басында өмір сүрген қасиетті адамның құрметіне арналып салынған. |
 |
 |
 |
|
Мешіт-медресе сәулет өнерінің ескерткіші Бәйдібек ауданы Шаян ауылында орналасқан. Шаян аталу себебі, ағып жатқан өзенде шаян көп деп түсіндіріледі. Алғашында кішкене саман мешіт болған, дегенмен тұрғындардың көп қоныс тебуі кеңірек мешіт салуға итермелеген. |
 |
 |
 |
|
Абділ Әзіз баб кесенесі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауылында орналасқан. Бұл көп күмбезді ескерткіш ХII ғасырда Исфиджаб (қазіргі Сайрам ) қаласында тұрғызылған.Бұл ғимарат үш жартылай сферикалық күмбезбен жабылған: біреуі ортада және енді шетінде. Портал шеті аркамен жабылған. Портал бұрыштарында доғал келген бағаналар бар. Порталдың жоғарғы жағы карнизбен аяқталған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған. Порталдың бүйір тұсынан солтүстік фасадында 0,820 белгідегі баспалдаққа шығар жол бар.Орталық кіреберіс қақпаға қарама қарсы михраб орналасқан. |
 |
 |
 |
|
Түркістан қаласынан 30 шақырым жерде Икан аулында орналасқан. Ескерткіштің шығыс бетінде Алматы – Самара тас жолы жатыр. Ескеркіш молалар арасында орналасқан. Ол жерге ең соңғы рет 2000 жылдай бұрын жерленген. Саман құрылыстың солтүстік жағы бүлінген. Ескерткішке жақын маңда трансформатор, ұңғыма орналасқан. Ұңғыдан құбыр арқылы су жіберілген. Кесене тікбұрышты 2–камералы құрылыс. Гурхананың сақталған бөлігі бірқабытты күмбезбен жабылған. |
 |
 |
 |
|
1910 жылы И.А. Кастанье ежелгі ескерткіштерінің толық зерттелмеу себептерін былай түсіндіреді: «Орта Азияның ежелгі оңтүстік жартысын қазбалық жұмыстардың нәтижесінде ескерткіштердің (самаркандта мешіттері және басқа) солтүстік бөлігін жауып, сол уақытта ежелгілік және көпқырлығымен көп көңілді аларлық» - деген тұжырым жасаған болатын. |
 |
 |
 |
|
Хызыр мұнарасы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласында орналасқан. Сайрам қалашығы Оңтүстік Қазақстанда орналасқан ежелгі елдімекеннің бірі болып табылады. Сайрамсу өзенінің бойында, Шымкент қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Ерте орта ғасыр заманында (ІХ – ХІІ ғасырлар) Сайрам қаласының орнында – Испиджаб қаласы болған. Испиджабтың алғаш аталуы, 629 жылы қытай авторы Сюань-Цзяннің географиялық еңбегінде кездеседі. Ал «Сайрам» атауының алғаш аталуы, жалғыз тұратын қытай сопысы Чан-Чуннің 1221 жылы Шыңғысханның ордасына қарай жол салған саяхатының сипаттамасында кездеседі. Испиджаб-Сайрам қаласы, Шаштан (Ташкент) Шымкентке апаратын керуен жолы үстінде орналасқан сауда-кәсіби орталық болған еді және сол өңірге жақын жазық дала аймақтарына ислам дінінің тарату орталығы болған. |
 |
 |
 |
|
Сауран – Қазақстандағы қорған дуалдары неғұрлым толық қалпында сақталған әйгілі ортағасырлық қалалардың бірі. Сонымен қатар соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстары нәтижесінде осы қала аумағында шайқалмалы мұнаралары бар медресе, Жұма-мешіт, намазгох мешіті, ханака, қала қақпасы секілді археологиялық маңызды нысандар ашылып жатыр. |
 |
 |
 |
|
Құрылым 14 күмбезден тұрады, ескерткіш биіктігі 16,5 м, көлемі 33,3х20,1м, мешіт ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан. Қалпына келтіру жұмыстары 2003 жылы басталып, 2004 жылы аяқталған. Қабырғаларын жөндеу гидроизоляция қондырғысы қойылып, арнайы плиткалармен күмбездері жөнделіп, қабырғалары жәнеде едендері жөнделді. Сондай-ақ мешіт аумағы қоршалып электр тоғы тартылды. Нысан пайдаланылуға берілді. Сурет 1. Аққойлы мешіт-медресесі. Өңдеу жұмыстарына дейінгі көрінісі С
|
 |
 |
 |
|
Арыстанбаб кесенесі ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстары 14-15 ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. Жер сілкінісінен құлаған мазардың орнына 18-ғасырда екі күмбезді құрылыс салынған. 18-ғасыр ғимараты құлап қирағаннан кейін 1909жылы қайта салынды. Жерасты суының жоғарғы деңгейі салдарынан бүлінген мешіт 1971 жылы қайта салынды. Кешен алғашқы үлгісіне негізделіп қалпына келтірілген, яғни Исла |
 |
 |
 |
|
Атаулы комплекс, Оңтүстік Қазастанның, Созақ ауданында орналасқан. Мешіт 19 ғасырдың соңыңда салынған. Мешіт орта-ғасырлардан қалған Баба-Ата қаласының ескі орнының ішінде орналасқан. Бұл мешіттің салыну мақсатын, осы жерде орта ғасырларда мекендеген әйгілі ислам дінін уағыздаушысыменен байланыстырады. Жалпы алғанда, ғимарат сопақша келген төртбұрыш пішінінде жасалған болып, сегіз қырлы шеңберлер үстіне қаланған, екі тең емес күмбезбенен жабылған. Ғимарат оңтүстік-батыс жағына қа |
 |
 |
 |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы Шығыс моншасы XV ғасыр Түркістан қаласындағы «Хазірет сұлтан» мемлекеттік тарихи - мәдени мұражай-қорық Күмбездер қалпына келтіру кірпіштерімен кейпіне келген. Кірпіштің сыртқы беті шыны араласқан сұйықтықпен жабылған, кірпіштен қара түсті дақтар нобайы көрінеді. Күмбездің жекеленген кірпіштері суыққа шыдамастан сынған, алайда олар-ауыстырылды. Кірпіштер арасының жігі, кірпіш үгінділері және шыны сұйықтығымен толтырылды. Күмбездің жіктерінен |
 |
 |
 |
|
Ахмет Яссауи кесенесі – құрылысы. Негізгі бөлігі жамағатхана яғни үлкен жиналыс залы, онда Ахмет Яссауи жерленген. Қабір бар, мешіт бар, үлкен және кіші ақ сарай бар-жиналыс залы; кітапхана; жазба бөлмелері бар, яғни онда құжаттармен кітаптар сақталған; діни тағамдар әзірленген асхана; құдығы бар бөлме құдықхана; хужрима қызметшілерге арналған бөлме, бұндағы бөлмелер 60х50м биіктігі 15м көлемдігі бірдей болған.күмбезбен аркалар 38 м дейін көтерілген. Түркістандық ескерткіш құрылысының аяқт |
 |
 |
 |
|
Тұрбат діни сәулет комплексі, XIII-XIX ғасырлар Ысхақ Ата Түрбесі Оңтүстік Қазақстан облысынын, Казығұрт районында орналасқан. Ысхақ Ата түрбесі - XVI ғасырдың соңы менен XVII басының ескерткіші болып табылады. Тендесі жоқ түрбе, жобалап қарағанда, тік төртбұрыш пішініндегі ішкі көлеміне ие (8,2х8,5 м), тік төртбұрыш үстіне, ішінен 3 бүйірінен үш бос қуыс қалдырылған (батыс, шығыс және солтүстік бүиірлерінен) сегіз қырлы шеңбер орнатылған, ал бұл сег |
 |
 |