Тарих пен мәдениет ескерткіштері

Бүгіндері, қазіргі заман құрылымына сәйкес – адам баласының қоршаған ортасын бірсарындылыққа әкелетін ғаламдандырудан қорғау шарасы ретінде, мәдени мұра ескерткіштерін елге әйгілеу, сақтап қалу - бұрыңғыдан да бетер, маңызды шаруа болып отыр. Қазіргі құрылыс ғимараттарын салу көлемінің өркендеуі, ақпарат жүйелерінің, байланыстың және көлік ағымының пәрмені қарқынды дамуына қарай біз ескерткіш рухын сезінуден қалып бара жатқандаймыз.
Бүкіл адамзат тарихының дамуымен, біздің тарихымыздың тығыз және ажырамайтын байланысы және өзара қатынасының нәтижесі болып табылатын, материалдық мәдениет ескерткіштерін сақтауға бәріміз борыштымыз.
Қазақстанда бүкіл әлемге, Қазақстан территориясында дамыған өркениет бар болғанын дәлелдейтін, тізімге алынған 25000 ескерткіштің бірнешеуін ғана атап өтуге болады, олар: байырғы заман адамдарының қоныстары, бірнеше мыңжылдық тарихы бар қалалар, ал әлемдегі кірпіштен салынған бірінші күмбездердің бірі б.з.д. ІV – IІ ғғ. Баланды - ІІ кесенесі. Айша Бибі кесенесі – сәулет өнерінің маржаны сонымен қатар, ол ескерткіштегі шешімдер Қазақстандағы XI-XII ғасырдағы сәулет өнері мен оның технологиясының даму деңгейін көрсетеді. Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін ЮНЕСКО әлемдік ескерткіш деп таныды, бұл сәулет туындысы шығыстың сәулет өнерінің энциклопедиясы деп атауға толық болады.
Ескерткіштерді жаңғырту мен қайта қалпына келтіру
Қазақстандағы ескерткіштер
Шетелдік ескерткіштер
ЮНЕСКО тізімінің ескерткіштері
Ақпарат:
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1488-ХІІ Қазақстан Республикасының Заңы
Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Сілтемелер:
«Ата мұра». Ұлттық мурағаттары туралы веб-портал
Әзрет Сұлтан сайты
Қазақстанның 7 кереметі