«Мәдени мұра» МБ Қоғамдық Кеңесі
Мемлекеттік хатшының 2003 жылғы 30 желтоқсандағы №1 бұйрығымен «Мәдени мұра» МБ Қоғамдық Кеңесі құрылды.
Қоғамдық Кеңес ұсыныс-кеңес беру органы болып табылады әрі «Мәдени мұра» МБ жүзеге асыру мен оны ғылыми-әдістемелік қамту жөніндегі жұмыстарды жүргізуде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ықпал ету мақсатында құрылды.
«Мәдени мұра» МБ жүзеге асыру барысында Қоғамдық Кеңес Бағдарламаның барынша маңызды бағыттары бойынша күн тәртібін құрып, секцияның аралықтағы және қорытынды есептерін тыңдайтын отырыстар өткізеді. Сондай-ақ мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын әрі қарай жүзеге асырудың ауқымды міндеттері мен кезеңдік нәтижелері ҚР Президентінің кеңестерінде тыңдалады.
Қоғамдық Кеңес мүшелерінің тізімі
Қоғамдық кеңесінің қызметі
Елбасының сөйлеген сөздері
Пайдалану сілтемелер:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының Өкімі “Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жанындағы “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа құрамы туралы” Қоғамдық туралы Ереже