|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы, еліміздің саяси-әкімшілік, ғылыми және мәдени орталығы.Қала Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық болып табылады.
Бүгінде Астана орналасқан жергілікті жердің бұрынғы атауы Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағында орналасқан, Орал мен Сібірді Орталық және Орта Азиямен байланыстыратын қазақ мекендері аттас Қараөткел ретінде белгілі. Бүгінде Астана бүкіл әлемнің туристерін болашақта адамзаттың қолымен іске асырылған ұмтылысымен өзіне тартуда. Жаңа елорда өткен бай мұрасы мен заманауилық үздік жетістіктерді өзіне келісті үйлестіреді. Ақмола облысыҚазақстанның орта ғасырлар мәдениеті өзінің сұлулығы мен ғана емес, сонымен бірге өзінің ерекшелігімен де тартымды. Қазақстанның нағыз орталығы Астанадан солтүстік-батысқа қарай 160 км. қазақстандық құмтастарын Көкшетау қыраттарынан бөлетін далалық және жартылай шөлейт аумақтардың қиылысында орналасқан Теңіз – Қорғалжын жазығының құрамына кіретін Қорғалжын ұлттық қорығында тұр. Қорықтың жалпы көлемі
237 100 га. Аумағында үлкен ағаштар мүлде жоқ, бұл жер далалық аумаққа тән қысқа бұталар мен шөптерге бай... Ақтөбе облысыАқтөбе облысы республиканың алты облысымен, сондай-ақ солтүстігінде Ресей Федерациясының Орынбор облысымен және оңтүстігінде Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан автономиялық облысымен шекараласады. Ақтөбе қаласында Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген 9 мәдени мұра объектісі орналасқан… Алматы облысыЖетісу (Алматы облысы) турзимді дамыту үшін еңе тартымды аудандардың бірі болып табылады, өйткені осы аймақтың аумағында табиғаттың, тарих пен мәдениеттің әртүрлі ескерткіштері бар. Жетісуда бір күннің ішінде шөлейттен Іле Алатауының қарлы шыңдарына дейінгі барлық табиғи аумақтарды кесіп өтуге болады. Алматыға жақын жерде бірқатар тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Ең әуелі, бұлар көптеген және әртүрлі археологиялық ескерткіштер: есік қорғаны мен сақтардың алтын бұйымдары, Ұлы Жібек жолындағы орта ғасырлық қалалар және қола дәуірінің жартастағы бейнелері (петроглифтер)... Атырау облысыАтырау облысы – Батыс Қазақстанның көп таулы бөктерлері мен диаметрі 2 метрге дейін жететін ғажап ақ тастарға толы облыстарының бірі. Бұл қорықтық өлке. Атырау облысында әртүрлі нысандағы ескі қорымдар, жерасты мешіттері орналасқан. Индер ауданы орталығынан 44-45 километр жерде Махамбет Өтемісовтің зираты бар және ескерткіші орнатылған: Махамбеттің барельефі бар екі метрлік ескерткіш тас... Шығыс Қазақстан облысыШығыс Қазақстанның табиғаты өзінің сұлулығымен таң қалдырады. Азияның даласы мен жартылай шөлді аймақтары Сібірдің таулы тайгасымен үйлескенде осы аймақтың реңіне ажар енгізеді: шөлдер, жазық далалар, тайга, көпжылдық мұздықтары бар таулар, көптеген өзендер мен көлдер. Семей аймағы танымдық, ғылыми және этникалық туризмге арналған объект ретінде қарауға болатын тарихи-мәдени мұраға бай... Қарағанды облысыСарыарқа – Орталық Қазақстан аумағын Қазақстанның тұрғындар осылай атайды. Қарағанды облысы жағалай таулы массивтер орналасқан биік төбелермен көмкерілген: шығысында Қызыларай тауы, солтүстік-шығысында Қарқаралы тауы, батысында – Ұлытау тауы. Облыстың оңтүстік шекарасы Бетпақ-Дала сазды шөлімен және Арал Қарақұмы аталатын Тұран құмды алқабымен, оңтүстік-шығысында Балқаш көлімен белгілі... Қызылорда облысыҰлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы өте айтарлықтай жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының салаланған желісі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтті және Батыс пен Шығыс мәдениеті арасындағы сауда байланысы мен диалогтың орта ғасырлық маңызды құралы болды. Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болып табылады. Бұл жерде қазақ халқының 500 астам тарихи және мәдени ескерткіштері бар... Маңғыстау облысыСол жерде болғандар және Маңқыстау облысында тұратындар оны бірегей жартылай арал деп атайды. Бұл аймақ мұнай мен газға, кен мен минералдарға бай. Бүгінгі күні Маңқыстау облысы мәдени мұраға бай туристік және сауықтыру объектілер аймағы болып табылады. Ең қызықты туристік бағдары Маңқыстау облысы арқылы оңтүстіктен солтүстікке және әрі қарай солтүстік-батысында Каспий жағалауына Шетпе қақпасы арқылы Үстіртке Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат болып табылады... Батыс Қазақстан облысыБатыс Қазақстан ежелден Ұлы Жібек жолының жол айырығында тұр. Бұл біздің еліміздің ғажап аймағының бірі, Орынбор, Самара, Саратов, Волгоград, Астрахан, атырау, Маңқыстау, Ақтөбе облыстарымен шекараласады. Орал Қазақстанның ескі қаласы (1613 жылы іргесі қаланған) Шаған өзенінің құяр сағасында Орал өзенінің оң жағасында орналасқан. Орал (Жайық) өзені өзінің орманымен және жайылымымен көшпенділер, скифтер, аварлар мен печенегтер үшін өте қолайлы болды... Жамбыл облысыЖамбыл облысының аумағы Бетпақ-Дала үлкен шөлінен ғажайып Тянь-шаньға дейін және Шу алқабынан қаратау тауына дейін созылады. Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып табылады. Тараз республиканың ең ежелгі қалаларының бірі болып есептелінеді, осы қала туралы естеліктер б.э, дейінгі 1 ғасырдың ортасында қытай деректерінде сақталған... Қостанай облысыКөптеген адамдар Қостанай облысын тың жерлерімен таниды. Бүгінгі күні бұл дәнді дақылдарды жеткізуші үлкен облыс. Аймақ өңдеуші және тамақ өнеркәсібімен де танымал. Бұл Қазақстанның Орал таулары, Батыс Сібір жазығы мен Торғай үстірті орналасқан ірі облыстарының бірі... Оңтүстік Қазақстан облысыОңтүстік Қазақстан – бұл ежелгі өркениет аумағы. Қазақ жерінің тұрғындары ертеде жарқын және төл мәдениетін жасады. Ұлы Жібек жолының қиылысында Оңтүстік Қазақстан жері қазақ мемлекеттігінің бесігі болды. Оңтүстік Қазақстан облысы өзінің тарихи ескерткіштері – қорғандармен, көне мекендер қалдықтарымен, қамалдармен, мавзолейлермен және ежелгі қалашықтарымен танымал... Павлодар облысыПавлодар облысы еліміздің ең көркем жерлерінің бірі Баян-ауыл ұлттық саябағымен әйгілі. Ол өнеркәсібі жоғары дамыған Екібастұз қаласынан 100 километр жерде орналасқан. Ұлттық саябақта өсімдіктің 4 типі өнеді: орман аумағы, бұталар, далалық аумақ және шалғын... |
|
|
|
| Мәдени мұра картасы |
 |
 |
| |
|
|
|
|
| Туристік бағыттар |
 |
|
|
Тарихи бағыттар
Қажылық бағыттар
|
|
|
|
|
|
|